«Сергек» камераларының арқасында жолдағы өлім 44 пайызға бірақ төмендепті

«Сергек» камераларының арқасында жолдағы өлім 44 пайызға бірақ төмендепті
Елордада «Сергек» камералары іске қосылғалы жолдағы өлім деңгейі 2 есеге төмендеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұндай мәліметті Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Инновация, цифрландыру және киберқауіпсіздік бөлімінің мамандары беріп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл мәліметті растаған тәртіп сақшылары да шаһардың көшелеріне ақылды камералар ілінгелі жүргізушілердің тәртіпке келгенін айтады. Жол көлік оқиғалары біршама азайған.

«Сергек» камераларының арқасында жолдағы өлім 44 пайызға бірақ төмендепті. Атап айтсақ, ақылды камералар ілінгенге дейін 60 жағдай тіркелсе, іске қосылғаннан кейін 36 жағдай орын алған.

«Сергек камераларының көмегімен 2019 жылдан бастап 12 айдың ішінде 1 миллионнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған еді. Кінәлі жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Осы Сергек камераларын орнатқаннан бастап, яғни ол бірінші жол көлік оқиғасын азайтуға әкеп соқтырды. Статистикаға келетін болсақ, 2016 жылы 708 бізде жол көлік оқиғасы тіркелген болатын. Ал 2019 жылы 563 болды» - деді қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Бауыржан ТОҒЖҰМАНОВ.

Сергек камералары автокөліктің жылдамдығын асырған, белгіленбеген бағдаршамның түсіне өткен жүргізушілерді анықтайды. Бұдан бөлек, қоғамдық көліктерге арналған жолақтармен жүру, стоп сызбасынан өту сияқты заңбұзушылықтарды бақылайды.

«Сергек» камералары жол көлік оқиғаларының санын төмендетіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, қаланы тиімді басқаруға да мүмкіндік береді. Мәселен, ақылды камералар арқылы операторлар қысқы уақытта коммуналдық шаруашылықтардың қар жинау сапасын жіті бақылай алады. Ал көктем мен жазда нөсерден қаланың су басқан аумақтарын көріп, түйткілді тез әрі сапалы шешуге мүмкіндік бар.

«Көлік ағынын бақылай аламыз. Күніне шаһарға қанша көлік кіріп, қаншасы шығатынын көреміз. Осының арқасында жолақтарды, съездерді белгілей аламыз. Трафик көп жерде бағыттарды қосуға мүміндік бар» - деді қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы инновация, цифрландыру және киберқауіпсіздік бөлімінің бас маманы Дамир БАЙБОСЫНОВ.

Елордалық жүргізушілер де ақылды камералардың қойылғанына риза. Айтуларынша, көлік ағыны көп шаһарда тәртіп үшін қажет.    

БЛИЦ:

1) Негізі тәртіп болады ғой сол арқылы.  

2) Правильно с одной стороны, порядок будет, беспредельщиков не будет.

3) Авариялар азайды ғой. Тәртіпке келіп жатыр кісілер. Жақсы ғой. Болғаны дұрыс деп ойлаймын.

4) Нарушениялар аз болады деп ойлаймын. Кішкене қалада машиналар қатты жүрмейді. ДТП да аз болады деп ойлаймын.

Айта кетейік, бүгін елордада 13 мыңнан астам Сергек камерасы бар. Олардың 7 мыңы жалпы бейнебақылау бағытында қолданылса, 6 мыңы жолдардың бойына қойылған.

Салтанат Нысанбек, Нұрлан Өтеген, Алматы телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласынан

Новости партнеров