Алматыда Шаляпин көшесінің бойында орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған болатын. Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі жөндеу жұмыстары аяқталды және көлік қозғалысы толығымен ашылды.
24 тамызда сағат 23:00-ден 25 тамызда сағат 06:00-ге дейін орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің солтүстік бетінде Яссауи көшесінен Береговой көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен уақытша шектеледі. Оңтүстік бетінде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, "Алматы жол" Телеграм-арнасында, сонымен қатар 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.
Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Бұл - қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн.