Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес орташа жөндеу жоспарына Тілендиев көшесінің Сәтпаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі ұзындығы 1,7 км шақырым учаскесі енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
24 тамызда сағат 23:00-ден 25 тамызда сағат 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тілендиев көшесінің бойымен Сәтпаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Жабық учаскені Сәтпаев көшесі, Брусиловский көшесі және Абай даңғылы арқылы айналып өтуге болады.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.
Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, "Алматы жол" Телеграм-арнасында, сонымен қатар 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.
Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Бұл - қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн.
Оқи отырыңыз. Алматы әкімі Алматыда қоғамдық көлікті экологияландыру мәселесіне түсініктеме берді