Шетелдік көлік әкелу барысындағы алаяқтық фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр – Тоқаев

informburo.kz
informburo.kz
Бірқатар мемлекеттік құрылымның қызметіне наразылық бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлі де болса өзекті мәселе елімізге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автомобильдерді тіркеуге байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтылды. Президент шетелдік мемлекеттік нөмірлік автокөліктерге қатысты жағдайды шешу үшін Қазақстанда қазір қандай шаралар қабылданып жатқандығынан хабардар етті.

«Менің тапсырмаммен Бас прокуратура осы ахуалға құқықтық бағалау жүргізді. Бірқатар мемлекеттік құрылымның қызметіне наразылық бар. Бұған қоса, жекелеген тұлғалар заңнаманы бұза отырып және адамдарды алдап, заңсыз бизнес құрып алған. Армениядан машина әкелу барысындағы алаяқтық әрекет фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. ЕАЭО бойынша кейбір серіктестерімізбен де өзара іс-қимылда бірқатар мәселе бар. Біз олармен бірге алдағы уақытта мұндай проблемалардың қайталануына жол бермеу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Үкіметке қазақстандық көлік иелерінің мүдделерін ескере отырып, Армениядан әкелінген автомашиналарды пайдалануды ретке келтіру бойынша қосымша ұйымдастыру шараларын әзірлеу тапсырылды», – деді Президент.

Новости партнеров