Ботаникалық бақ 2020 жылдың көктемінде қайта ашылады

Стопкадр Almaty.tv
Стопкадр Almaty.tv
Бақта 50 мың шаршы метр жерге жаяу жүруге арналған жол жасалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жөндеуге жабылған ботаникалық бақ келесі жылдың көктемінде ашылады. Құрылысты қолға алған қордың айтуынша, оған дейін алуан түрлі өсімдігі бар мекенде қарқынды жөндеу жүргізілмек. Қазіргі таңда онда үш павилион «Атакент», Тимирязев және әл-Фараби даңғылы жағынан кіреберістің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, ботаникалық бақта 50 мың шаршы метр жерге жаяу жүруге арналған жол жасалады. Ал солтүстік партердегі 19 мың шаршы метр аумаққа жол арнайы граниттен төселеді. Құм мен ұсақ тастардың қоспасынан жасалатын жаңа бұл технология ауа-райының қолайсыздығына жақсы төтеп береді дейді мамандар.

«Келушілерге арналған соқпақ жолдар арнайы экологиялық немістің технологиясы негізінде жасалады. Яғни, қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейді. Мәселен, асфальтқа қарағанда суды өткізу жағынан жақсы. Яғни, қолданыс кезінде отырып кетпейді. Қайта басылған сайын жүруге ыңғайлы бола түседі», – дейді Ботаника және фито жерсіндіру институтының бас директоры Гүлнар СИТПАЕВА.

Ал ботаникалық бақтағы жалғызаяқты жолдарға 1500 дана көше шамы орнатылады. Осылайша, бақтың жарықтандыру жүйесі толықтай жаңартылады. Жаздың ыстық күндері салқындау үшін субұрқақтар салынады. Сондай-ақ, бейнебақылау камерелары да назардан тыс қалмады. Алуан түрлі өсімдіктер өсетін жердің қауіпсіздігіне 130 шақты камера бақылау жасайды. Және де баққа мыңнан астам ағаш отырғызылмақ. Оларды суару үшін үш тоған және суару жүйесі ретке келтіріледі. Мамандар тіршілік нәрін Кереңбұлақ өзеніне және әрқайсысының тереңдігі 280 метр болатын қос ұңғыма жасалады деді. 

«Қазір біз екі ұңғыманы қазып қойдық. Жалпы өзімізде тағы екеуі бар. Енді тағы да жаңадан жасанды тоғандар жасаймыз. Олар бақтың оңтүстік бөлігінде болады. Одан бөлек, су ішуге болатын және құрғақ субұрқақтар пайда болады. Нақтырақ айтсақ, таза ауыз суы бар 2 субұрқақ және әдемілік үшін экспозициялық үш фонтан жасалады», – дейді Ботаника және фито жерсіндіру институтының бас директоры Гүлнар СИТПАЕВА.

Новости партнеров