Түркияның Қахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінді
Фото: aa.com.tr
Зілзала Түркияның Қахраманмараш провинциясының Гексун ауданында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркияның Қахраманмараш провинциясында 4,0 магнитудасымен тағы жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметіне сәйкес, зілзала Түркияның Қахраманмараш провинциясының Гексун ауданында болған.
Еске салсақ, биыл 6 ақпанда Түркияның осы аймағында жойқын зілзаладан мыңдаған адам қаза болған еді. Соңғы деректер бойынша құрбан болғандар саны 48 мыңнан асып отыр.
Түркия вице-президенті Фуат Октайдың мәліметінше, 3 мыңнан астам құтқарушы апат аймақтарында әлі де жұмыс жүргізіп жатыр.
Апат аймағында 1 миллион 805 мың 842 ғимарат тексеріліп, 653 мың тұрғын үй апатты және орташа зақымданған деп танылған. Қоқыстың 20 пайызы шығарылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39