|
23.07.2020 | 09:08
1123

Коронавирусқа қарсы Британ вакцинасы сынақтан сәтті өтті

Зерттеуге COVID-19 вирусымен ауырмаған 18-ден 55 жасқа дейінгі 1077 сау адам қатысты

Коронавирусқа қарсы Британ вакцинасы сынақтан сәтті өтті elements.envato.com

SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы Британияда әзірленген вакцинаның алдын ала клиникалық сынақтары оның қауіпсіз, жанама әсері аз және иммундық жүйеге көмектесетіндігін көрсетті. Табысты тестілеу нәтижелері "MedicalXpress" баспасөз релизінде хабарланды, деп хабайрлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Зерттеуге COVID-19 вирусымен ауырмаған 18-ден 55 жасқа дейінгі 1077 сау адам қатысты. Тестілеу 2020 жылғы 23 сәуір мен 21 мамыр аралығында өткізілді.

Вакцинациядан кейін 14 күн өткенде еріктілерде Т-жасушалық жауап байқалды, ал 28 күннен кейін антиденелер өндірілді. Алайда вакцинаның барлық қажетті талаптарға сай келетіндігі әлі белгісіз. Осылайша, ол COVID-19-ға қарсы кемінде 6 ай, соның ішінде қарт адамдар мен созылмалы аурулармен ауыратын адамдарды қорғауды қамтамасыз етуі және қарым-қатынас жасаған кездері вирустың берілу ықтималдығын төмендетуі керек.

Сарапшылардың айтуынша, оның жанама әсерлері – шаршау, бас және бұлшықет ауруы, инъекция орнындағы ауырсыну, ауру, қалтырау және жоғары температура. Сонымен қатар парацетамолды қабылдаған еріктілерде жанама әсерлер әлсіз болды. Сондай-ақ препарат вакцинаның иммуногендігіне әсер етпеді.

Вакцина ChAdOx1 шимпанзенің модификацияланған аденовирусы ретінде көрінеді. Ол SARS-Cov-2 вирусында бар және жасушаларды коронавируспен зақымдауда негізгі рөлге ие болатын S-ақуызын өндіреді. Аденовирус қарапайым тұмауды тудырады, бірақ бұл жағдайда ол әлсіреген және адамда ауру тудыра алмайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир