|
12.03.2019 | 09:33
3328

Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды

Ирландиялық Конор Макгрегор Флорида штатындағы Майами-Бичте қарақшылық жасаған

Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды © AP Photo / John Locher

Макгрегор ер адамның суретке түсіріп алмақ болғанын байқап, тәртіп бұзған.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы UFC чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегор Флорида штатындағы Майами-Бичте қарақшылық жасап, шығын келтірді деген айыппен қамауға алынды, деп жазады sputniknews.kz порталы жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Макгрегор дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 17.56 кезінде ұсталған. Спортшы қонақүйден шығып бара жатқанда, жәбірленуші оны ұялы телефонға түсіріп алмақ болады. ММА файтері ер адамның қолынан телефонды ұрып түсіріп, таптап, сындырып тастапты.

Содан соң Макгрегор телефонды алып, кетіп қалған. Ал жәбірленушінің айтуынша, ұялы байланыс құралы мың доллар тұрады екен.

Еске сала кетсек, аралас жекпе-жек шебері, ирландиялық Конор Макгрегор былтыр 6 қазанда UFC чемпиондық титулы үшін кездесуде ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалды. Сонымен, Макгрегордың қоржынында 21 жеңіс және төрт жеңіліс бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

США
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир