Нигерияда байкерлер карнавалында 14 адам қайтыс болды

bbc.com
bbc.com
Жылдамдықты шектен асырған жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нигерияда байкерлердің әйгілі карнавалында жолдан шығып кеткен көлік шеруді қызықтап тұрған адамдар тобына соғылды. Салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жылдамдықты шектен асырған жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған.

Алғаш рет 2004 жылы Калабар портында өткен бұл карнавалға туристер әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады. Бір айға жалғасатын шараны ұйымдастырушылар Африкадағы ең үлкен көше кеші деп атайды. COVID пандемиясына байланысты екі жылдық үзілістен кейін биыл оны ерекше күткендер көп. Карнавалға жергілікті танымал адамдар қатысады. Олардың кейбірі карнавал костюмдерін киіп, мотоциклдерде әртүрлі трюктер орындайды.

Полиция жүргізушінің мас болғанын анықтады, ол қамауға алынды. Зардап шеккен 15 жастағы баланың әкесінің айтуынша, жүргізуші жол бойына ақша шашқан, жұрт оны жинауға ұмтылғанда қайғылы жағдай орын алған.

Штат губернаторы Бен Аяденің мәлімдемесінде айтылғандай, қазір Үкімет көліктің карнавал аумағына көптеген тосқауылдардан қалай өтіп кеткенін тексеріп жатыр.

Новости партнеров