Супермен сияқты секірген желаяқ мәре сызығын бірінші болып кесті (ВИДЕО)
Турнир ұйымдастырушылары спортшының қимылын «Суперменнің секірісі» деп атаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ-та өткен жарыста спортшының мәреге жеткендегі секірісі жұрттың жағасын ұстатты.
АҚШ спортшысы Инфинит Таккер SEC Outdoor Track & Field Championships турнирі аясында 400 метр қашықтыққа кедергіден аттап жүгіру жарысында соңғы сәттегі шалт қимылының арқасында мәре сызығын бірінші болып кесті.
He went full Superman! @aggietrk's Infinite Tucker goes ALL OUT for the gold. #SCtop10 pic.twitter.com/gEr05kdPd9
— SEC Network (@SECNetwork) 12 мая 2019 г.
Сол сәттің видеосын турнир ұйымдастырушылары Twitter
аккаунтында жариялаған.
Командаласынан озғысы келген Таккер мәре сызығынан жүгіріп өтуді емес, алға қарай секіріп, сызықтың ар жағына ұшып түсуді жөн көрген екен. Турнир ұйымдастырушылары мұны «Суперменнің секірісі» деп атады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13