Санкт-Петербургте жүздеген көртышқан арасында тұрып жатқан қыз табылды. 8 жасар қызды қиын жағдайда қалған балаларға арналған қонақүйге орналастырды, деп хабарлайды stan.kz.
Аудандық әкімдік қызға демалыс ұйымдастырып бермек. Әуелі қонақүйге орналастырып, сосын лагерьге жібереді. Қазір әлеуметтік қызметкерлер қыздың анасымен сөйлесіп, пәтерді қалпына келтіруде.
Оқиға былай болған: көршілері қыз тұратын пәтерден жағымсыз иіс шығатынын айтып шағымданған. Келіп жеткен полицейлер пәтерге кіріп, онда көртышқандар арасында қалған 8 жасар қызды көрген. Екі бөлмелі пәтерде қыз анасымен бірге тұратын. Үй іші қоқысқа толған. Пәтер ішінде жүздеген көртышқан өріп жүрді. Полицейлер қыздың анасынан көртышқандардан арылуды талап етті. Ал қыз баланы ауруханаға апарды.
Бұл отбасы бұған дейін кәмелетке толмағандар ісімен айналысатындардың есебінде тұрмаған.