|
08.09.2020 | 11:46
874

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы айналымға шығарылды

Вакцинаны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы айналымға шығарылды inform.kz

Коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шығарылды. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің айтуынша, дәрі-дәрмекті жақын арада Ресей өңірлеріне жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

«Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцинаның алғашқы партиясы – «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) қажетті сапа сынақтарынан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды», – делінген хабарламада. 

Сынақтар Ресейдің Денсаулық сақтауды қадағалау қызметінің зертханаларында жүргізілген. 

Вакцинаны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко: «Бұл кезеңдегі азаматтық айналым – тәуекел тобындағы тұрғындарды, атап айтқанда, мұғалімдер мен дәрігерлерді вакциналау. Ол тіркеуден кейінгі клиникалық зерттеулермен қатар жүргізіледі», – деп түсіндірген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир