|
08.05.2020 | 15:30
11227

Президент сайлауы пошта арқылы өтетін болды

Польша билігі коронавирус індетіне байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды

Президент сайлауы пошта арқылы өтетін болды Shutterstock

Польшадағы 10 мамыр күні өтетін кезекті президент сайлауы пошта қызметі арқылы жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі mir24.tv сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін коронавирус індетіне байланысты елдегі оппозиция өкілдері сайлауды кейінге шегеруді талап еткен болатын. Алайда билік сайлау уақыты өзгермейтінін мәлімдеді.

«Президенттік сайлауды қашықтан өткізуді Польша сеймі (парламент) сәуір айында мақұлдаған болатын. Алдағы уақытта бұл бастама сенаттан қолдау тапса, 10 мамырдағы сайлау пошта арқылы жүзеге асады», - делінген телеарна таратқан хабарламада.

Сайлауға 10 үміткер қатысады, оның ішінде Польшаның қазіргі президенті Анджей Дуда да бар. Сарапашылардың айтуынша, оны дауыс берушілердің басым көпшілігі қолдауға дайын. Ал елде жүргізілген әлеуметтік сауланамаға сәйкес Польша азаматтарының 30%-ы ғана 10 мамыр күні болатын сайлауға қатысатынын жеткізген.

Соңғы дерек бойынша Польшада 15 мыңға жуық адам COVID-19 вирусын жұқтырған, шамамен 700 адам көз жұмды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир