Күннің батуын тамашалаған турист жартастан құлап, мерт болды

wikipedia.org
wikipedia.org
Оның денесі жергілікті уақыт бойынша 17:00-де таудың етегінен табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Турист әдемі жерде күннің батуын тамашалап, абайсызда 25 метрлік жартастан құлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kaz.tengritravel.kz-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі, 6 шілдеде бразилиялық турист Фернанда Морелла (Fernanda Morella) туған күнін Австралиядағы Брисбенге жақын жерде орналасқан атақты Кенгуру-Пойнт жартасында атап өтуге келген. Қыз күннің батысын тамашалап отырғанда 25 метр биіктіктен құлап кеткен. Оның денесі жергілікті уақыт бойынша 17:00-де таудың етегінен табылды.

Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады. Қазір мемлекеттік полиция өлімнің мән-жайын тергеп жатыр.

Кенгуру-Пойнт жартастары - бұл қаланың дәл орталығында Брисбен өзенінің жағасында орналасқан арқан мен өрмелеуге арналған танымал орын.

Новости партнеров