|
11.01.2020 | 13:18
3613

Иран украиналық ұшақты зымыранмен байқаусызда атып түсіргенін мойындады​

Адам қателігінің салдарынан, аталған ұшақ атып түсіріліп, шетел азаматтары мерт болды​

Иран украиналық ұшақты зымыранмен байқаусызда атып түсіргенін мойындады​ yandex.kz

Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы Тегеран маңында сәрсенбі күні құлаған ұшақты Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметі зымыранмен байқаусызда атып түсірген, деп хабарлады Қазақпарат Ирна агенттігіне сілтеме жасап.

Иранның Қорғаныс Күштерінің Бас штбабы өкілдерінің айтуынша, ұшақ апаты Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын атқылағаннан кейін бірнеше сағаттан соң болды. Ал АҚШ базаларына шабуылдан соң оған қарымта жауап болуы мүмкін еді. Осыған қарай сәрсенбі күні әуеде АҚШ ұшақтарының саны көбейген.

«Бұл жағдай өз кезегінде әуе қорғанысы күштерінің алаңдаушылығын тудырды. Адам қателігінің салдарынан, аталған ұшақ атып түсіріліп, шетел азаматтары мерт болды. Бұл әрине, өкінішті», - делінген Бас штабтың хабарламасында.

Мәлімдемеде сонымен қатар ұшақтың Ислам революциясы күзет корпусының маңызды әскери нысандарының біріне жақын жерде болғаны және ұшақтың ара қашықтығы да жау нысанын елестеткені айтылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир