Қырғызстанда митинг кезінде 18 милиция қызметкері зардап шекті. Бұл туралы аталған елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеше Бішкекте түрмеде отырған қырғыз саясаткері Садыр Жапаровтың жақтаушылары митингіге шыққан болатын. Жүздеген наразы Ала-Тоо алаңына жиналып, саясаткерді босатуды талап еткен. Президенттің баспасөз қызметі биліктің наразы топтың талаптарын қарастыратынын айтты.
«Бұл митинг бейбіт түрде өтеді делінген еді. Қатысушылар ешқандай арандатуға жол берілмейді деген. Алайда орын алған жайтты көрдіңіздер. Митингіге шыққандардың барлығы жауапқа тартылады. Ал оны ұйымдастырғандарға қатысты қатаң жаза қолданылатын болады. Зақым келтірілген үй мен көліктерді қайта қалпына келтіреді», – деді ҚР ІІМ Баспасөз қызметінің басшысы Бақыт СЕЙІТОВ
Құқық қорғау органдары митингіге шыққандарды тоқтату үшін ішкі әскерді шақыртқан. Алаң маңында көзден жас ағызатын газ қолданылған. Ведомство мәліметінше, медициналық көмек көрсетілген соң зардап шеккендердің барлығы үйлеріне жіберілді.