Премьер-министр отставкаға кеткісі келеді

gordonua.com
gordonua.com
Өтініш президентке жолданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Украинаның премьер-министрі Алексей Гончарук отставкаға кетуге өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Командамыз жайлы айтайын: біздің команда парасатты адамдардан тұрады. Сондықтан да мен үкіметте жемқорлық жоқ екенін айтамын. Соңғы кездері сіздер үкімет отырыстарында түсірілген монтаждалған файлдардың тарап жатқанын көріп жатырсыздар. Ол жазбалар менің және менің командамның президентті құрметтемейтінін көрсеткісі келеді. Мен бұл қызметке президенттің тапсырмасын орындауға келдім. Ол мен үшін шынайылық пен адамгершіліктің үлгісі. Алайда президенттің сеніміне қандай да бір нұқсан келтірмеу үшін мен отставкаға кетуге өтініш жазып, оны президентке жолдадым», - деп жазды премьер-министр Facebook желісіндегі парақшасында.


Новости партнеров