Моңғолияда жұттан 3,9 миллионнан астам мал қырылып қалды

elements.envato.com
elements.envato.com
Жергілікті билік бұл жағдайды ақ және темір зуды немесе қысқы жұт деп атаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Моңғолия жұттың салдарынан 3,9 миллионнан астам малынан айырылды. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы Тувшинсайханы Баярху жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп жазды Синьхуа агенттігі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, малдың қырылуына биылғы жұт себеп болған. Жергілікті билік бұл жағдайды ақ және темір зуды немесе қысқы жұт деп атаған.

Ақ және темір зуды – мал қар астынан тамақ таба алмай, аштық пен суықтан қырылуға әкелетін табиғи апат.

Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың соңына қарай Моңғолияда жалпы мал басы 9,1 пайызға азайып, 64,7 миллион басты құрады.

Бүгінде мал шаруашылығы Моңғолия экономикасының негізгі саласының бірі, сонымен қатар 40 пайызға жуық табыс көзі болып отыр.

Оқи отырыңыз: Таразда қоймадан өрт шықты

Новости партнеров