Түрікменстанда полиция тұрғындардан маска тағуды талап етуде

hronikatm.com
hronikatm.com
Түрікменстанда маска тағу режимі дүйсенбіден басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрікменстанда маска тағу режимі дүйсенбіден басталды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz ORIENT.tm-ге сілтеме жасап.

Жергілікті басылым полицейлер инфекциялық аурулардың таралмауы үшін тұрғындардан маска тағуды талап етіп жатқанын жазады. Жол полициясының қызметкерлері де көлікте маскасыз отырған жүргізушілерді тоқтатып, үйден шыққан соң маска тағу керегін ескертіп жатыр.

«Ашхабадтың орталығында дүйсенбі күні кешке велосипед айдаған патруль қызметкерлері маска тағу режимін қадағалап жүр... Әзірге ешқандай айыппұл салынбайды. Алайда халық медицина мамандарының талабына құлақ аспаса, құқыққорғау органдарына айыппұл салуға тура келуі мүмкін», – деп жазады басылым.

Ел астанасындағы базарларда маска сату ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарға барғанда 1,5-2 метр  әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы күшейтілді. Тұрғындарға жеке кездесулерге шықпай, телефон немесе интернет арқылы байланысуға кеңес берілді.

Еске салайық, бұған дейін «Түрікменстанда «коронавирус» сөзін айтуға тыйым салынды» деген ақпарат тараған болатын және елде СOVID-19 инфекциясы ресми түрде тіркелмеді.

Новости партнеров