|
10.09.2022 | 16:00
3811

Карл III ресми түрде монарх деп жарияланды

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды

Карл III ресми түрде монарх деп жарияланды bbc.com

Мұрагерлік кеңесі Карл ІІІ-ні Құрама Корольдіктің жаңа королі деп ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тиісті құжатқа ең алдымен тақ мұрагері ханзада Уильям, содан кейін кезек бойынша патшайым-консорт Камилла, Қауымдар палатасының көшбасшысы және Кеңестің лорд-төрағасы Пенни Мордаунт, Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс және Кентербери архиепископы қол қойды.

Рәсімін ұйымдастырушыдан басқа қатысушылардың барлығы қара немесе күлгін түсті киім киген. Бұл – қайтыс болған патшайымды жоқтау белгісі болып саналады.

Көрермендердің бірінші қатарында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері – Джон Мейджор, Гордон Браун, Борис Джонсон, Дэвид Камерон, Тереза Мэй және Тони Блэр болды. Олармен бірге британдық оппозиция көшбасшысы, лейбористер партиясының басшысы Кир Стармер тұрды.

Еске салсақ, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир