Ыстамбұлда тұмау өршіді

elements.envato.com
elements.envato.com
Вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт артты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияда тұмау және ауа арқылы тарайтын вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт артты. Әсіресе, Ыстамбұл қаласында ауруханаға түскен науқас көбейген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа тыныс жолдары ауруларының арта түскенін, сондықтан оған жеңіл-желпі қарамай дер кезінде ем қабылдау қажеттігін ескертті. Ыстамбұлдық дәрігер тұмау, ковид сияқты жұқпалы вируспен ауырғандар өткен аймен салыстырғанда 50 пайызға көбейгенін айтты. Салдарынан кей ауруханда науқастарды жатқызатын жер болмай қалған. Мамандар жұқпалы аурулардың бұлай күрт дендеуін адамдардың пандемия біткеннен кейінгі кезеңде маска тақпауымен байланыстырады.

- Жұқпалы вирустық аурулар Ыстамбұл сияқты үлкен қалаларда жылдың барлық мезгілінде де болады. Алайда биыл қыста науқастар күрт көбейді. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі. Сондықтан 65 жастан асқан азаматтар вакцина алғандары абзал, - деді Ыстамбұл қалалық ауруханасының бас дәрігері Нуреттин Игит.

Оқи отырыңыз:Алматыда төрт дәрігерлік амбулатория мен үш балабақша қолданысқа беріледі

Новости партнеров