Аралас жекпе-жек шебері Би Джей Пеннге балаларының анасына жақындауға тыйым салынды, деп хабарлайды Sputnik.
Шилен Уайве өзін танымал спортшы бірнеше жыл қатарынан зорлағанын жайып салды. Уайве 2018 жылдың қазан айында сүйіктісінің қасына жақындамайтыны туралы соттың уақытша шешімін алған. Ақпанда сот бұл шешімді 2021 жылға дейін ұзартты.
Оның айтуынша, Пенн он жыл бойы жәбір көрсеткен. Соңғы үш жылда спортшы балаларының көзінше қорқытып, зорлаған.
«Оның танымал спортшы екенін бәрі біледі. Одан өте қатты қорықтым. Сол үшін бұл оқиға жайлы ешкімге тіс жармадым. Мен өзімнің және балаларымның өмірі үшін алаңдап отырмын», - деді Шилен Уайве.
40 жастағы Пенн 12 мамырда өтетін Абсолютті жекпе-жек чемпионатына(UFC) дайындалып жатыр. Оның қарсыласы - америкалық Клей Гвида.
Пенн - жеңіл және жартылай орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы. Оның есімі 2015 жылы UFC-дің даңқ залына енгізілді.