Ұшақта жолаушы қайтыс болды

Almaty.tv
Almaty.tv

Марқұмға дәрігерлер өкпе эмболиясы деген диагноз қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шереметьево әуежайында Баку-Мәскеу рейсінің жолаушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  Mash желсіне сілтеме жасап. 

Хабарламаға сүйенсек, тамырда пайда болған тромп үзіліп, кенеттен қайтыс болған. 

Су-1857 ұшағы Әзербайжан астанасынан 6 ақпанда кешке ұшып келген. Ұшақ жерге қонуға дайындалғанда жолаушылардың бірі ауырып қалған - ол тұншыға бастайды, содан кейін есінен танып қалған.

Жедел жәрдем терминал тұрағына жеткенде, ер адам әлдеқашан қайтыс болып кеткені анықталды. Дәрігерлер өкпе эмболиясы деген диагноз қойды. Қону кезінде қысымның күрт төмендеуіне байланысты тромп үзіліп, қанға кетіп қалған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға кімдерге кіруге тыйым салынған: СІМ персона нон грата тізімі туралы айтты

 

Новости партнеров