|
26.03.2019 | 17:29
1645

Ұшқыш әйелімен ұрсысып қалып, өз үйіне ұшақпен соғылды

Ұшақты тізгіндеген ер адам қаза тапты

Ұшқыш әйелімен ұрсысып қалып, өз үйіне ұшақпен соғылды

Ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілік мерекелік кеште орын алған.

Оңтүстік-африканың Ботсванында ер адам әйелімен ұрсысып қалып, өз үйіне жеке ұшақпен соғылған, деп хабарлайды  Sputniknews.kz.

Ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілік мерекелік кеште орын алған. Куәгерлердің айтуынша, мерекелік кездесуде ер адам өте қатты мас болып, әйелімен дөрекі сөйлескен. Содан соң үйге келген қонақтар одан шығып кетуді сұрайды.

Анықталғаны, ашуға булыққан ер адам үйінен шығып кеткен. Бірақ арадан уақыт өткен соң ол досына қоңырау шалып, әйелінің қайда жүргенін сұраған. Ал досы болса бір жамандықтың боларын сезіп, қонақтардың барлығын сыртқа шығуға шақырады. Содан кейін ұзамай үйге ұшақ келіп соғылған.

Апат нәтижесінде ұшақты тізгіндеген тек ашуға булыққан ер адам ғана қаза тауыпты. Лайнердің апатқа тап болуы салдарынан үйдің күлі көкке ұшып, тағы 11 көлік зақымданған


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир