Қазақстан Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық ұйым елдерінің егеменді теңдігін қалпына келтіруге тырысуда

Сурет: ҚР СІМ
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан ұсынған қарар басым көпшілік дауыспен қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА/МАГАТЭ) Бас конференциясының 67-сессиясы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Конференцияда "АЭХА-дағы мүше-мемлекеттердің егеменді теңдігін қалпына келтіру туралы" Қазақстан ұсынған қарар басым көпшілік дауыспен қабылданды.

Қарарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров таныстырды және оны АЭХА-ның барлық өңірлік топтарынан 99 мүше-мемлекет пен 56 тең автор қолдады.

Қазақстандық қарардың негізгі тең авторлары: Еуропалық одақтың барлық елдері, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Әзербайжан, Бахрейн, Канада, Мексика, Колумбия, Эквадор, Уругвай, Сингапур, Жапония, Непал, Түркия және тағы да басқа мемлекеттер.

Қазақстан бастамашылық еткен қарар мүше-мемлекеттердің АЭХА-дағы қызметіне қатысты неғұрлым әділ және демократиялы тәсілдерді қамтамасыз етуіне негіз береді.

 - Қазақстан агенттікте егеменді теңдікті қалпына келтіру бойынша күш-жігер шеңберінде АЭХА тарихында алғаш рет өңірлік топтарға кірмейтін 17 мемлекеттің тізімін дайындады. Бұл тізім агенттіктің 2023 жылғы 10 тамыздағы ресми құжатымен бекітілді және Словенияның төрағалығымен құрылып жатқан «Достар тобы» (Group of Friends of Arealess Member States) шеңберінде одан әрі жұмысты құруға негіз ретінде Бас конференцияның қарарына енгізілді, – делінген СІМ мәліметінде.

Қабылданған қарар мүше-мемлекеттердің өңірлік топтарда, негізгі директивалық органдарда, сондай-ақ агенттіктің тиісті кеңестік үрдістерінде тең өкілдік етуінің бұрыннан келе жатқан мәселесін қайта көтеруге алғашқы тәжірибелік қадам болғаны атап өтілді.

Оқи отырыңыз: Өрттен кейін «Ақкент» ТК пәтерлерін жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталды

Новости партнеров