Әлем елдері пандемия кезінде карантин ережелерін бұзғандарды қатаң жазалауға мәжбүр

bbc.com/GETTY IMAGES
bbc.com/GETTY IMAGES
Еуропа ошағы атанып кеткен Италия тұрғындары бір айдан астам уақыт карантинде жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлем елдері пандемия кезінде карантин ережелерін бұзғандарды қатаң жазалауға мәжбүр болуда, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Сондықтан ерекше тәсілді қолданып жүрген сол мемлекеттердің тұрғындары қазір тәртіпті және заңға бағына бастапты. Мәселен, Шешенстан полицейлері пластик құбырлармен қаруланса, Үндістанда көшеде себепсіз жүргендерді таяқпен қууға тура келген.

Жақында ғана Шешенстан билігі пандемияның қауіптілігі жоқ деп қарапайым тұмаумен салыстырып жүрген. Әлемдік ахуалды көргеннен кейін карантин режимін қатаңдатуға көшті. Енді әлеуметтік желіде Грозный қаласында кәдімгі полиэтилен құбырларымен қаруланған әскерилердің видеосы тез тарап кетті. Тіпті, олар тәртіп бұзғандарға қарсы қолдануға қақысы бар көрінеді. 

Ал, мына видеода Үндістан көшелерінде еш себепсіз көшеде жүргендерді таяқпен қуған полицияны көруге болады. Алайда мұндай әдістер миллиардтан астам тұрғыны бар ел билігіне адамдарды карантин режимін сақтауға көмектесе бастаған. Олай етпеске амалы қалмаған секілді. Билік бекіткен ережеге  көпшілік көнбесе керек.

Бұл видеода бос қалған Лос-Анджелес көшелері. Қазіргі таңда АҚШ COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша, тіпті, Италиядан асып түсті. Ел президенті Дональд Трамп карантинді сәуірдің соңына дейін созу туралы шешім шығарды. Бұл елде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 165 мыңға таяп қалды. Оның 6 мыңға жуығы емделіп шықса, 3172-сі көз жұмды. Ал, Еуропа ошағы атанып кеткен Италия тұрғындары бір айдан астам уақыт карантинде жатыр. Ел билігі ереже бұзғандарға айыппұл салып, темір торға қамағаннан кейін елде соңғы тәулікте жаңа деректер саны азая бастаған. Қазір онда барлығы 101 739 дерек тіркелсе, оның ішінде 14620-сы емделіп шықты, тағы 11591 адам көз жұмды. Қазір әлем бойынша COVID-19 індетін жұқтырғандар 800 мыңға жуықтап қалса, оның 160 мыңнан астамы айығып кетті, ал, көз жұмғандар 40 мыңға таяп қалды. 

Арнат Дүйсен, "Алматы" арнасы    

Новости партнеров