Мексикада жол апатынан 24 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды

cbs4local.com
cbs4local.com

Автобус трактор тіркемесімен соқтығысқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенбі күні таңғы уақытта Мексиканың орталық Сакатекас штатында жолаушылар автобусы трактор тіркемесімен соқтығысып, 24 адам қаза тапты, сондай-ақ тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Синьхуа агенттігінің жазуынша, бұл туралы жергілікті билік хабарлады.

"Елдің ұлттық гвардиясының үйлестірушісі Хуан Манрикестің айтуынша, жүгері тасымалдайтын жүк көлігінен тіркеме бөлініп, автобусқа соғылуы салдарынан қоғамдық көлік оң жаққа аударылып кеткен", - делінген хабарламада.

Штат басшылығы бас хатшысы Родриго Рейес бейнехабарламасында оқиға автобустың батыстағы Наярит штатындағы Тепик қаласынан солтүстік Чиуауа штатындағы Сьюдад-Хуареске кетіп бара жатқанда болғанын айтты. Ол көлік жүргізушілеріне жол апатынан кейін жабылған тасжолмен жүрмеуге кеңес берді.

Р. Рейес зардап шеккендер Мексиканың әлеуметтік қамсыздандыру институтында емделіп жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Ресейде шетелдік 6 тұтқын жерді қазып, түрмеден қашып кеткен

Новости партнеров