Нигерияда су тасқынынан 21 адам қайтыс болды

Kelly Sikkema/unsplash.com/
Kelly Sikkema/unsplash.com/

Су басқан өңірде іздеу-құтқару жұмыстары басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Daily Nigerian газетінің Нигерия мемлекеттік төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Нигерияның орталығындағы су тасқынынан 20-дан астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Моква провинциясында ұзаққа созылған толассыз жауын су тасқынына себеп болды. Салдарынан 50 үй тұрғындарымен бірге су астында қалды.

Агенттік басшысы Ибрагим Хусейни оқиға салдарынан 21 адам қаза тауып, 10 адам із-түзсіз жоғалғанын айтты. Оның айтуынша, 3 адам аман қалған. Оларға Моква қаласындағы орталық қонақүйде медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Су басқан өңірде іздеу-құтқару жұмыстары басталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім бойынша бірыңғай ваучер енгізіледі

 

Новости партнеров