|
06.12.2021 | 11:42
1939

Алматыда бір тәулікте 1 089 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 544

Алматыда бір тәулікте 1 089 адам КВИ екпесін алды Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 6 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 5 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 66 адам тіркелді (жергілікті), оның 60-ы симптомдық белгілері бар және 6-ы симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 5, келіп түскені – 12.

Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 282 адам (оның ішінде 8 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 40.

ӨЖЖ – 11, инвазивті емес ӨЖЖ – 12, High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 636 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 616, симптомсыз 20 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентті  536 адам, 2-компонентті 553 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-05.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 043 672 адам, 2-компонентті 975 812 адам вакцина алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны  122 544.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 16 968 адам, оның ішінде 995 жүкті әйелдер, 3 513 емізулі аналар және 12 460 балалар мен жасөспірімдер екпе алды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир