Алматыда бір тәулікте 1 148 адам КВИ екпесін алды

strategy2050.kz
strategy2050.kz
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 986
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 20 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 19 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясыны жұқтырған 30 адам тіркелді (жергілікті), оның 28-і симптомдық белгілері бар және 2-і симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 12, келіп түскені – 4.

Инфекциялық стационарларда (1 104 төсек-орын) жалпы саны 167 адам (оның ішінде 8 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 32.

ӨЖЖ – 6, инвазивті емес ӨЖЖ – 6, High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 297 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және 281 орташа ауырлық дәрежесінде, симптомсыз 16 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 429 адам, 2-компонентті – 719 адам вакцинацияланды. 

01.02.2021-19.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 061 386 адам, 2-компонентті – 997 802 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 986.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 24 175 адам, оның ішінде 1 371 жүкті әйелдер, 4 805 емізулі аналар және 17 999 балалар мен жасөспірімдер екпе алды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров