|
14.06.2021 | 12:58
1120

Төлеуғали Тайтөлеев: Енді ауырмаймын, өйткені вакцина салдырдым

Ұжымдағы екі мың студент пен екі жүзге тарта қызметкер алдындағы жауапкершілікті сезіндім

Төлеуғали Тайтөлеев:  Енді ауырмаймын, өйткені вакцина салдырдым

Алматыдағы  Энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеев екпе салдырғаннан кейінгі әсерін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Отбасымызбен толық ауырып қалдық. Қимылдай алмай, әлсіреп қалдым. Қатты азып, сегіз күннің ішінде 8-9 кг салмақ жоғалттым. Біздің ұжымда екі мыңға жуық студенттер, екі жүзге тарта қызметкерлер бар. Олардың алдындағы жауапкершілікті сезініп, өз-өзіме ойланып шешім шығардым. Алғашқылардың бірі болып, ойламаған жерден бес адам болып вакцина салдырдық. Ешқандай маған әсер еткен жоқ. Мен ауырған жоқпын, өзімді жақсы сезіндім. Енді мен мықтымын, мен жақсымын, енді ауырмаймын деген сенім пайда болды», – деді Т. Тайтөлеев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир