2021 жылғы 21 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 20 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясыны жұқтырған 31 адам тіркелді (жергілікті), оның 27-і симптомдық белгілері бар және 4-і симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 34, келіп түскені – 5.
Инфекциялық стационарларда (1 104 төсек-орын) жалпы саны 138 адам (оның ішінде 6 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 29.
ӨЖЖ – 5, инвазивті емес ӨЖЖ – 8, High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 271 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және 254 орташа ауырлық дәрежесінде, симптомсыз 17 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 517 адам, 2-компонентті – 2 926 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-20.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 062 903 адам, 2-компонентті – 1 000 728 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 999.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 24 727 адам, оның ішінде 1 393 жүкті әйелдер, 4 935 емізулі аналар және 18 399 балалар мен жасөспірімдер екпе алды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.