|
06.04.2021 | 15:02
4409

Алматылықтар кезекке сәйкес екпе алады

Ведомство өкілі бүгінде инфекциялық стационарларда 5610 төсек-орын болса, 3114-інде науқастар жатқанын хабарлады

Алматылықтар кезекке сәйкес екпе алады стоп-кадр видео

Вакцина алуға өтініш білдірген алматылықтарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен вакциналар дозасының партиясы алынғаннан кейін кезекке сәйкес вакциналайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали коронавирус инфекциясының таралуына қатысты ақпаратты жариялады. Өткен тәуліктің өзінде мегаполисте қала тұрғындарының арасында 585 жұқтыру оқиғасы тіркелген, оның 95-і симптомсыз тасымалдаушылар.

Лаура Мырзағали атап өткендей, вирус жұқтырып, ауырғандар санының көбеймеуі үшін бетперде режимін, әлеуметтік қашықтық сақтауды жалғастырып, дезинфекциялық құралдарды қолданып, адамдар көп жиналатын орындарға бармау керек.

Ведомство өкілі бүгінде инфекциялық стационарларда 5610 төсек-орын болса, 3114-інде науқастар жатқанын хабарлады. Оның 87-сі балалар, олардың жағдайын дәрігерлер жеңіл және орташа жағдайда деп бағалауда. 77 ересек адамның жағдайы аса ауыр, 570 адам ауыр жағдайда және 2467 науқастың жағдайы орташа ауырлық деңгейінде. Бұл ретте, статистиканы аурудан айығып, емделіп шыққан алматылықтар да толықтырды, бүгін 491 пациент үйлеріне шығарылды (353 адам келіп түскен).

Лаура Мырзағали коронавирустан вакцинациялау туралы да еске салды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 5 сәуір аралығында 44 315 адам вакцина алған.  Оның 6 200-і вакцинаның екі компонентін де алған.

2-5 сәуір аралығында 28 413 азамат вакцина алған. Өткен тәулікте 4 764 адам екпе салдырды. 6 335 доза вакцина қалды, вакцинациялау барысы жалғасуда.

Лаура Мырзағалидің айтуынша, 9 сәуір вакцинаның бесінші траншы күтілуде, Алматыға тағы 57 445 доза жеткізіледі. Осы жылдың 13 мамырында 57 445 доза жеткізу жоспары бар. 


Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында халыққа вакцинаның сапасына байланысты алаңдау қажет еместігі айтылды. Себебі кез келген вакцина адам ағзасын қоздырушымен немесе инфекциямен күресуге дайындайды. Сол себепті де екпе түрлі аурулармен күресте күшті әдіс болып табылады. COVID-19 вакцинациясы қалыпты өмір салтына қайта оралуға мүмкіндік береді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир