|
15.06.2021 | 15:28
3122

Алексей Цой вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерді атады

Елордада коронавирус жұқтыру жағдайы 7 пайызға артқан

Алексей Цой вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерді атады Almaty.tv

Елімізде вакцинаның 1,2 млн 1- компоненті,  ал 914 мың 2-компоненті бар. Яғни, коронавирус вакцинасы жеткілікті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол республика бойынша вакцина егу науқаны төмен өңірлерді атап, елордада коронавирус жұқтыру жағдайы 7 пайызға артқанын жеткізді.

«1-компонентпен вакцинациялаумен қамтудағы ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында 13,2, Қостанай облысында 19,5 пайыз, ал 2-компонентпен ең төменгі қамту Маңғыстау облысында 7,3 пайыз. Облыстардың, қалалардың әкімдері халықты КВИ-ге қарсы вакциналаумен қамтуды жеке бақылауға алып, халықты қосымша ынталандыру тетіктерін арттыруы және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ал, осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауы тиіс. Мұны Премьер-министр Асқар Мамин айтты. Үкімет басшысының мәліметінше, бүгінде елімізде 2,5 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 1 млн 400 мың адам екінші компонентін алған. Сонымен қатар, халықты вакцина алуға ынталандыратын тәсілдер ойластырып, «Ashyq» қосымшасын енгізуді ұлғайту керектігін де жеткізді.

«Өздеріңізге белгілі, аймақтағы көршілес мемлекеттерде аурудың өсуі байқалады. Сондықтан қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бірінші кезекте, бұл –вакциналаумен қамтуды ұлғайту. Вакциналауды одан әрі кеңейтіп, күн сайынғы қарқынын барынша ұлғайту қажет», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир