Вакцинацияның екі күніне талдау жасалды
Алматыда тұрғындарды вакцинациялау барысы жөнінде онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Алматы жаппай вакцинацияға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгінгі күні Алматы қаласы төрт траншпен елу мың вакцина алды. Біз соңғы траншты 1 және 2 сәуір күні 34 900 доза мөлшерінде алдық. 2,5 күн ішінде 17 мыңнан астам тұрғынға екпе салдық. Вакцинация әлі де жалғасып жатыр. Егер қаладағы ірі сауда орындарымыз осы шараға қатысатын болса, жаппай вакциналау мүмкіндігі артатын еді. Қала жаппай вакцинацияға дайын екендігін атап өткім келеді», – деді Нариман Табынбаев.
Брифинг барысында Нариман Табынбаев вакцина жөнінде тұрғындарды алаңдамауға шақырды. Сәуірде вакцина саны жеткілікті болатынын атап өтті.
Бұған дейін қаланың денсаулық сақтау басқармасы жағдайды толық бақылауында ұстап отығанын жазған болатынбыз.