|
11.08.2021 | 17:17
4140

Алматыға Sinopharm вакцинасының 2-партиясы келді

Қазір келген жүкті әуежай қоймасынан әрі қарай үлестіру жұмыстары жүріп жатыр

Алматыға Sinopharm компаниясының екінші партиясы келді. Алғашқы легі кеше жеткізілген еді.  Қазір Almaty.tv тілшісі Назкен Еркін әуежайдың уақытша сақтау қоймасынан хабар таратуға әзір тұр. Толығырақ өзінен білсек.

- Назкен, бүгін вакцинаның қанша дозасы жеткізілді? Сөз өзіңде.

- Рақмет, Сая. Иә, жаңа түсте Алматыға Вероцел вакцинасының кезекті партиясы келіп жетті. Sinopharm вакцинасының алғашқы легі кеше түсте жеткізілген еді. Қазір келген жүкті әуежай қоймасынан әрі қарай үлестіру жұмыстары жүріп жатыр. Яғни жүк қазір мынадай тоңазытқышы бар көліктерге тиеліп СК-фармация қоймасына жеткізіледі. Сол жерден әрі әр өңірге бөлінеді. Мамандар келген 1 млн екпенің 30 пайызы, яғни 300 мың дозасымен Алматы қаласы мен Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы қамтылатынын айтады.

Вакцина алдағы күндері халыққа қолжетімді болады дейді мамандар. Сөйтіп, ел азаматтары Казвак, Спутник ви және Вероцел вакциналарын таңдауы бойынша салдыра алады. Айта кетейін, қытайлық бұл екпе +2 +8 градусты температурада сақтала береді. Толық ақпаратты қорытынды жаңалықта айтатын болам. Сая сөзь өзіңде, әзірге ақпарат осы.

- Рақмет. Бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Назкен Еркін болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир