Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев бүгінде қалада 316 407 адам вакцина алғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кейбір сауда орталықтары мен сауда үйлерінің базасында екпе алған қала тұрғындары бағалы сыйлықтар ұтысына қатысты. Қаланың бас дәрігерінің айтуынша, қала кәсіпкерлері тұрғындарына вакцина алуын ұсынып, өз нысандарында вакцина алуға арналған түрлі акциялар мен лотереяларды ұйымдастырды.
«Бізде вакцина штабы жұмыс істейді, оған кәсіпкерлер кіреді. ШОБ өкілдері вакцина алу бизнесті қалпына келтіруге мүмкіндік беретінін айтты. Өткен жылдың жазында СОСО жұмыс істемегені есімізде. Бүгінде қабылданған шаралардың арқасында қайтадан ашылды, оларда егу пункттері ашылды. Кәсіпкерлер вакцина науқанын арттыруға көмектеседі», – деді Н. Табынбаев.
Оның айтуынша, бұл бизнестің, қоғам мен мемлекеттің қалыпты өмір салтына деген ұмтылысы. Алматыда Наурызбай және Алатау аудандары халыққа вакцина салу бойынша көшбасшы саналады.
Өз кезегінде Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин халықты вакцинаға ынталандыру халықаралық тәжірибе екенін айтты.
«Бұл олардың Израиль мен АҚШ-та жасаған әрекеттері. Олар миллион долларға дейін ұтыстар өткізді. 17 ел халықты вакцинаға ынталандыру үшін осындай шараларды өткізді. Бізде скутер, тұрмыстық техника, iPhone ойнатылды. Менің ойымша, бұл дұрыс, өйткені вакцина алу қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы. Әрине, антиваксерлер оны ұнатпайды. Мұнда түсіндіру жұмыстары да, экономикалық ынталандыру да болуы керек. Бұл науқан оң нәтиже береді», – деп айтты Ж. Бекшин.