Алматының бас дәрігері жастарды КВИ инфекциясынан үлкендерді қорғауға шақырды

 Almaty.tv.
Almaty.tv.
Н. Табынбаев 20-40 жасқа дейінгі қала жастарын вакцинамен қамту мәселесіне алаңдаушылық білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық  басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жас тұрғындардың вакцинаға  енжарлық танытып, қоғамдық орындарда санитарлық нормаларды жиі бұзатынын  айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Н. Табынбаев 20-40 жасқа дейінгі  қала жастарын вакцинамен қамту мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

«Біз жастардың жазғы алаңдардағы ойын-сауық орындарына жиналатынын және санитарлық нормаларды сақтамайтынын жиі байқаймыз», – деп айтты қалалық ҚДБ басшысы.

«Жастардың денсаулығы мықты екенін ескере отырып, олар жеңіл түрде ауыруы мүмкін. Олар өздерінің жақындарына қауіп төндіреді: ата-аналары, ата-әжелері және иммунитеті әлсіреген басқа туыстарына. Шынында, 70 жастан асқан адамдар коронавирустан көп өледі», – деп айтты Н. Табынбаев.

Қаланың бас дәрігері тұрғындарды, журналистерді, блогерлерді ақпараттық насихат жұмыстарын кең көлемде жүргізіп, жақындарына жанашыр болуға шақырады.

Новости партнеров