|
24.09.2021 | 20:58
701

Алмаз Шарман: Вакцина – вирустан қорғанудың ең тиімді жолы

Ғалым мутация жиілігін азайту үшін санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін ескертті

Алмаз Шарман: Вакцина – вирустан қорғанудың ең тиімді жолы Фото: tmbw.ru

«Eta штамы басқа толқын тудырмайды». Әзірге мұндай ақпарат жоқ дейді Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман. Медициналық қауымдастық керісінше, коронавирустың «дельта» нұсқасы өте қауіпті деп алаңдап отырғанын жеткізді. Сондықтан Америкалық денсаулық қауымдастығының мүшесі екпе алудың маңыздылығына ерекше назар аудартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өйткені вакциналаудан кейінгі иммундық қорғаныс вирусқа тойтарыс береді. Ғалым сондай-ақ, мутация жиілігін азайту үшін санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін ескертті.  

«Қазақстанда екпе алу қарқыны әлі де төмен. Ел тұрғындарының вакцина алу көрсеткіші әлі 60%-дан асқан жоқ. Мысалы, Америка Құрама Штаттарының көп бөлігінде, Дания сияқты Еуропа елінде халықтың 80%-ы иммундау шарасынан өткен. Вакцина – вирустан қорғанудың ең тиімді жолы», – деді Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир