|
13.08.2018 | 11:45
2915

Биыл алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте болады

Биыл алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылының басталуы 2018 жылғы 1 қыркүйекте, деп хабарлайды Тengrinews.kz порталы Астана әкімдігінің білім басқармасының сайтына сілтеме жасап.  

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-і сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11(12) сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Сондай-ақ, бұйрықта оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері де бекітілген.

1-11 (12) сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан – 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда); мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 7 күн (2018 жылғы 29 қазан – 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз – 4 сәуірді қоса алғанда); мектепалды даярлық сыныптары мен 1-і сыныптарда 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир