|
22.09.2021 | 17:40
2415

Jas Stars және Almaty TikTok challenge: Алматыда Креативті индустрия басқармасы түрлі іс-шара ұйымдастырады

Басқармасының басты міндеті – тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту

Jas Stars және Almaty TikTok challenge: Алматыда Креативті индустрия басқармасы түрлі іс-шара ұйымдастырады

«Мансап күні», «Jas Stars» креативті іс-шарасы және Almaty TikTok challenge - Алматыда Креативті индустрия басқармасы осындай онлайн іс-шаралар ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев айтты.

Ол Алматыда Almaty Creative Industries Forum-2021 бірінші креативті онлайн-форумы өтетінін, оның аясында Акселерация мен креативті стартаптардың Creaton чемпионатын өткізу жоспарланғанын айтты. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара онлайн түрде өтеді.

Сонымен қатар, Креативті индустриялар басқармасы алматылықтардың қала күнімен ерекше құттықтауларына арналған Almaty TikTok challenge байқауын бастады.

«Алматының танымал тиктокерлері байқауға қатыса бастады, олар қаланың әр жерінде бейнероликтер түсіреді, бұл қаланың туристік және мәдени әлеуетін дамытуға ықпал етеді», деп атап өтті Қ. Сарыбаев.

Тикток кеңістік туралы айта отырып, Қ. Сарыбаев осы әлеуметтік желінің арқасында алматылық цифрлық медиа жұлдыздарының бүкіл әлемге танымал екенін баса айтты. Мысалы, «хомяк» деген бүркеншік есімді Алина Ким бүкіл ТМД аумағында ең танымал тиктокер.  Ол әлемдегі үздік Топ-3-те екінші орында.

«Біздің қалада үлкен шығармашылық әлеует бар, мұнда креативті идеялар құратын талантты адамдар тұрады және жұмыс істейді. Оларға тек қаржылық тұрғыдан ғана емес, жалпы серпін беру қажет. Яғни, креативті орта, креативті кластерлер құру. Егер әр ауданда сіздің шығармашылығыңызды дамытатын орындар болса, онда креатившілердің саны геометриялық түрде артады», деп сендірді Қ. Сарыбаев.

Ол өз басқармасының басты міндеті тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті.

«Экономикалық әсерден басқа, креативті индустриялар маңызды мәдени және әлеуметтік құндылықтарды шығарады. Дәл осы жерде жалпы қоғамның дамуына әсер ететін мағыналар, материалдық құндылықтар мен тенденциялар туады», деп жалғастырды спикер.

Айта кетерлігі, Алматыда «Мансап күні» және Jas Stars сияқты шығармашылық іс-шараларды онлайн-форматта өткізу жоспарланып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир