|
01.07.2020 | 13:00
3196

Барша ақ халатты абзал жандарды індетке қарсы тұруға шақырамыз – Надыров

Бұл туралы Камалжан Надыров өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды

Барша ақ халатты абзал жандарды індетке қарсы тұруға шақырамыз – Надыров liter.kz

Алматы қаласының бас дәрігері Камалжан Надыров қаладағы медицина қызметкерлерін пандемияға қарсы күресуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Құрметті әріптестер, алматылықтар!

Өкінішке орай, пандемия өршіп барады. Төрт ай қатарынан қалалық барша медициналық қызметкерлер індетті жоюды көздеп, пандемиямен күресіп келеді. Қолданылған барлық тиісті шараларға қарамастан, қосымша күштердің бірігуін, стационар жағдайын қосымша ұйымдастыруын, АМСК қызметінің күшейуін бүгінгі жағдай қажетті деңгейде талап етіп отыр. 

Бүгінде медициналық қызметкерлердің санын артыру, кадрлық құрамды көбейту сұрақтары  бірінші орында. Қазіргі уақытта дәрігерлерге, провизорлы және жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет жасайтын орта және кіші медициналық қызметкерлерге, зертхана мамандары мен еріктілерге зәру болып отырмыз. 

 Барша ақ халатты абзал жандарды пандемияны жеңіп шығуда ат салысуға, індетке қарсы тұруға шақырамыз», – деп жазады ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир