|
18.08.2020 | 14:26
2011

Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны желтоқсан айында шығармақ

Қытайлық мамандар вакцинаның бағасы 1000 юаннан аспайды деп отыр

Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны желтоқсан айында шығармақ Фото : Pixabay

Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны жыл аяғында шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қытай ұлттық фармацевтикалық корпорациясы(China National Pharmaceutical Group Corp жасаған коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне өтті.

Осы елдегі сарапшылардың пайымдауынша, вакцинаны тіркеу процесі аяқталғаннан кейін, 2020 жылдың желтоқсан айында өндіріске шығарылады деп күтілуде.

Қытай ұлттық фармацевтикалық корпорациясының құрамына кіретін екі ғылыми-зерттеу институты (Бейжің мен Уханьда орналасқан) бір мезгілде коронавирусқа қарсы вакцина бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін атап өткен жөн. Вакциналар өндірісін де осы екі институт жүзеге асырады.

Бейжіңдегі ғылыми-зерттеу институты жылына 120 миллион вакцина шығара алады, ал Уханьдағы институты жылына 100 миллион вакцина шығаруға қауқарлы.

Қытайлық мамандар вакцинаның бағасы 1000 юаннан(шамамен 60 000 теңге) аспайды деп отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир