|
28.06.2021 | 19:23
3989

Алматының медициналық мекемелері ковидтік стационарларға қайта бейіндеуге дайын

Бүгінде дәрігерлердің бақылауында 1 196 науқас бар

Алматының медициналық мекемелері ковидтік стационарларға қайта бейіндеуге дайын Almaty.tv

Бүгінде Алматыда ковидтік ауруханаларда 700-ге жуық адам емделіп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты. Ол эпидемиялық ахуал нашарласа, қалада 10 мыңға дейін ұлғайту мүмкіндігімен 4 мыңға жуық төсек-орын дайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нариман Табынбаевтың айтуынша, өткен тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияның 215 жағдайы тіркелген. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар, ал 186 тұрғында ауру белгілері бар, қалғандары симптомсыз. Бүгінде дәрігерлердің бақылауында 1 196 науқас бар.

Н. Табынбаевтың айтуынша, мегаполистің медициналық мекемелері пандемияның үш кезеңіне де дайын. Қалада денсаулық сақтау жүйесінің резервтері қызмет атқарады, стационарларда науқастардың шамадан тыс толуы болмайды.

"Біз індетпен күресуге дайынбыз. Жүйенің қуаты жеткілікті. 4 600-ден астам медицина қызметкері ковидтік ауруханаға жұмысқа шығуға дайын, түрлі жағдай кезінде 200-ден астам жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Мысалы, бүгінде стационарларда 3 700 төсек-орынды, қолайсыз жағдайда 6 000 төсек-орынды, өте қолайсыз жағдайда 10 000 төсек-орынды орналастыруға дайынбыз", - деді Н. Табынбаев.

Бұдан өзге, егер жағдай ушығатын болса, онда мобильді бригадалар саны екі есеге артатын болады. Сондай-ақ CALL-орталықтарының операторларының санын екі есеге арттыру жоспарланып отыр. ҚДБ-ның басшысы ведомствоның коронавирусқа қарсы күресті тоқтатпағанын атап өтті. Ауруханалар мен емханалар дәрі-дәрмектермен және медициналық техникамен жеткілікті көлемде жабдықталған.

Ауруханалар мен стационарлардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін ҚДБ басшысы халықты вакциналануға шақырды. Н. Табынбаевтың айтуынша, бүгінде 428 532 адам екпе алды. 60 жастан жоғары екпе алған адамдар 69 644 адамды құрайды. Вакцина науқаны жалғасуда. Вакцинаны қаланың 208 екпе пунктінің бірінен алуға болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир