|
22.02.2023 | 10:27
1868

Бір жылда 29 қаржы пирамидасының көзі жойылды - ҚМА

Азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемесі мен аккаунты бұғатталды

Бір жылда 29 қаржы пирамидасының көзі жойылды - ҚМА turantimes.kz

Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы схемаларына қарсы белсенді жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен жылдың өзінде 29 қаржы пирамидасының көзі жойылып, зардап шеккендерге 8,3 млрд теңгенің шығыны өтелген.

Азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемесі мен аккаунты бұғатталды.

Қазірдің өзінде тартылған азаматтарға 19 000 ескерту жіберілді, бұл 15 000 азаматтың қауіпті аккаунтар жазылымынан бас тартуына ықпал етті.

«Дегенмен, азаматтар өздеріне керемет табыс ұсынатын адамдарға сеніп, жинақтарын күмәнді схемаларға салуды жалғастырып жатыр»,- дейді агенттіктен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир