|
21.12.2021 | 14:58
2887

Таразда есірткі сататын сайттарды жарнамалаған күдікті қолға түсті

Ол ғимарат қабырғаларына есірткі сатушылардың байланыс нөмірлерін жазумен айналысқан

Таразда есірткі сататын сайттарды жарнамалаған күдікті қолға түсті стоп-кадр

Тараз қаласында графити-жазба салып жүрген күдікті қолға түсті. Ол облыс орталығындағы үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын сайттардың байланыс нөмірлерін жазумен айналысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің 21 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Одан заттай айғақтар табылып, ол өз кінәсін мойындады.  

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 299-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл қылмыс үшін 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир