|
09.08.2017 | 10:53
2303

Алматы іргесіндегі Кеңдала ауылында 62 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті

Алматы іргесіндегі Кеңдала ауылында 62 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті

Алматы іргесіндегі Кеңдала ауылында 62 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті. Кейуана 4 тамызда таңғы сағат 8-де үйінен шығып, содан бері оралмаған. Қадиша Түсіпованы бала-шағасы мен туыстары шарқ ұрып іздестіруде. Олар ауыл маңын түгелдей сүзіп шығып, одан қалды ауруханалар мен мәйітханаға да сұрау салыпты. Алайда, әжейден мүлдем хабар жоқ. Қазір жоғалған әйелді іздестіруге төтеншеліктер мен полицейлерде кіріскен. Ол паркинсон ауруына шалдыққан және дәрінің көмегімен жүріпті. Ал кетерінде өзімен мүлдем дәрі-дәмрек алмаған.  Сондықтан бала-шағасы аналарының денсаулығына алаңдап, оны тездетіп табу үшін қайырымды жандардан көмек сұрауда.

«Ауылдан көрген 2-3 кісі бар. Төрті күні сағат 2-де көрген, ауылдан 2 шақырым төмен жерде. Кеңдала ауылының төмен жағында. Ертесі күні түс қайта сағат 4-тің шамасында 11 жастағы қыз бала көрген. Бірақ жоғары Талғар бойында», - деді Қ.Түсіпованың ұлы Дәурен ӘБІЛҚАСЫМОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир