|
06.04.2022 | 15:54
4132

Алматыда 36 мыңнан астам студент тегін білім алып жатыр

Студенттер қатарында үш мыңнан астамы сырттан келгендер

Алматыда 36 мыңнан астам студент тегін білім алып жатыр пресс-служба акима Алматы

Алматының 36 мыңнан астам студенті колледждерде тегін білім алуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда, 2025 жылға қарай 9 сынып түлектерінің 100%-ы колледждерде қажетті мамандықтарда тегін оқи алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикер мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғайып келе жатқанын, соның арқасында техникалық және кәсіптік білім беру қолжетімді бола бастағанын атап өтті. Алматы еліміздің басқа өңірлері сияқты, сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім берумен жүз пайыз қамтуға ұмтылады.

Қ. Жұмановтың айтуынша, мегаполисте 83 колледж жұмыс істейді, оның 23-і мемлекеттік, 60-ы жеке меншік. Барлығы 73 719 студент оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 36,5 мың адам. Бүгінгі таңда қалада тегін үлгідегі қамту жалпы контингенттің 49,5%-ын құрайды.

Студенттер қатарында үш мыңнан астамы сырттан келгендер. Олардың 29 жатақханада тұруға мүмкіндігі бар.

«Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырысты екі есеге – 21 мың орынға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бірінші кезекте 9 сынып түлектерін 2025 жылға қарай 100%-ға дейін тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту жоспарлануда», - деді Қ. Жұманов.

Осылайша, 2025 жылы қалалық колледждерде оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектері сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім ала алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

колледжи
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир