|
30.05.2022 | 07:59
3962

Жансая Әбдімәлік шахмат Бундеслигасының чемпионы атанды

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды

Жансая Әбдімәлік шахмат Бундеслигасының чемпионы атанды Instagram: zhansaya_abdumalik

Халықаралық гроссмейстер және Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік әйелдер Бундеслигасында (Германия) өзі өнер көрсеткен OSG Badаen-Baden командасы жеңімпаз болғанын мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Достар, мен Бундеслигада атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас - SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл - шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік», - деп жазды Жансая Әбдімәлік. 

Шахматшы атап өткеніндей, OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болған. 

«Осылайша, біздің клуб рекордты түрде 12-рет Бундеслига жеңімпазы атанды!» - деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир