|
22.08.2020 | 00:45
5866

Мектепке жол: Алматыда "Нұр Отан" партиясының мүшелері 75 оқушыға кеңсе заттары толған сөмкелерді таратты

Керек-жарақтарды сатып алуға 1 млн теңгедей қаржы жұмсалыпты

Мектепке жол: Алматыда "Нұр Отан" партиясының мүшелері 75 оқушыға кеңсе заттары толған сөмкелерді таратты almaty.tv

Алматыда «Мектепке жол» атты қайырымдылық науқан жалғасып жатыр. «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында "Нұр Отан" партиясының мүшелері Әуезов ауданында тұратын 75 оқушыға кеңсе заттары толған сөмкелерді таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мектеп дорбаларында жазу-сызуға керекті құрал-жабдықтар бар. Сонымен қатар, әр отбасыға бума-бума бетперде табысталды. Партиядағылардың сөзінше берілетін сөмкелердің көлемін 100-ге дейін ұлғайту көзделген. Керек-жарақтарды сатып алуға 1 млн теңгедей қаржы жұмсалыпты. Оқушылар өздеріне тиесілі құралдарды алуға ата-аналарымен бірге келген.

«Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар мен жетімдерге қолдау көрсету. Қазіргі пандемия жағдайында ешкімге де оңай тиіп жатқан жоқ. Сондықтан мұндай игі шаралар өзекті деп ойлаймын», – деді қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов.

«Біз көпбалалы отбасымыз. 5 баламыз бар. «Нұр Отан» партиясына рахмет. Бағдарлама арқылы ең керекті заттарды бергені үшін. Мен негізі жылда мектептен жәрдем алып тұрамын. Үш балам оқыса, үш балама да береді», – деді ата-ана Құрал Сатуллаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир